Өскеменде «Восток» футбол клубының легионері сотқа тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының мамандандырылған əкімшілік сотында Нигерия Республикасының азаматына қатысты іс қаралды. "Восток" футбол клубының сапында өнер көрсететін футболшы Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА  тілшісі.

Нигерия Республикасының азаматы 2015 жылдың маусым айында Өскеменге келіп, 2016 жылдың маусым айына дейінгі мерзімге жергілікті миграциялық полицияға тіркелген. Алайда, аталған уақыттың өтіп кеткеніне қарамастан шетелдік азамат миграциялық полицияға ат басын бұрмай кеткен. Осылайша, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 517-бабында көрсетілген бұзушылықты жасаған.

Сотта футболшы кінəсін толық мойындап, тіркеу шартын ұзартуды ұмытып кеткенін атты. Əкімшілік соттың судьясы іс-материалдарын зерттей келе және шетелдік азаматтың бұрын жауапқа тартылмағандығын ескеріп, оған айыппұл салу туралы шешім қабылдады. Сот қаулысымен нигериялық легионер 15 АЕК, яғни 34 мың 35 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Соңғы жаңалықтар