Өскеменде Волейболдан клубтық Азия чемпионаты басталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменге Азияның ең үздік 9 волейбол клубы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Волейболдан әйелдер арасындағы клубтық Азия чемпионаты биыл екінші рет Өскеменде өтуде. Оған Қытай, Индонезия, Иран, Қазақстан, Тайланд, Шри-Ланка, Вьетнам, Тайбей, Жапония елдерінің ұлттық чемпионатында топ жарған 9 команда қатысуда.

Бұл сында Қазақстанның намысын жергілікті «Алтай» командасы қорғайды. Чемпионаттың шымылдықашар кездесуі Вьетнам мен Шри-Ланка ұжымдары сайысса, одан кейін Тайланд пен Қытай командалары бақ сынасқан болатын.

Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімі Даниал Ахметов пен ҚР Волейбол федерациясының президенті Нұртай Әбіқаев қатысып, спортшы аруларға сәттілік тіледі.

Жарыстың бірінші күнін Иран және Қазақстан командаларының ойыны түйіндейді.

Соңғы жаңалықтар