Өскеменде вакцина салдырған балалар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында коронавирусқа қарсы екпе салдырған балалар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ұтыс ойыны COVID-19 инфекциясына қарсы «Pfizer» вакцинасының I компонентін 15 қараша мен 29 желтоқсан аралығында салдырған балалар мен жасөспірімдер арасында өткізіледі.

Қатысушылар Iphone13 ұялы телефонын, AirPods құлаққабын, AppleWatch смарт сағатын ұтып алып, оқу үлгерімі жақсы болған жағдайда С.Аманжолов атындағы ШҚУ, Қазақстан-Американдық еркін университетіне және ШҚТУ колледжіне грантқа оқуға қабылданады.

«Ұтыс ойынына қатысу үшін vaccine-uk.kz сайтына кіріп, толық аты-жөніңізді, ұялы телефон нөміріңізді және вакцина алған жерді көрсетуіңіз керек. Талап бойынша қатысушы Өскемендегі емханалардың біріне тіркелген болуы шарт. Жеңімпаз 30 желтоқсанда сағат 18.00-де әлеуметтік желідегі тікелей эфирде анықталады», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар