Өскеменде вакцина алғандар арасындағы лотереяға қатысқан вахтер көлік ұтты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында коронавирусқа қарсы екпе салдырғандар арасында көлік ойнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысы Жақсылық Омар вакцина алғандар арасындағы ұтыс ойынының жеңімпазына автокөлік кілтін табыс етті.

«Қауіпті дертті жеңудің бірден бір жолы – вакцина. Бүгінгі таңда Өскемен халқы арасында екпе салдырғандар аз емес. Олардың санын одан сайын көбейту мақсатында лотерея ұйымдастырдық», - деді ол.

Chevrolet Nexia автокөлігінің ұтыс ойыны 5 қыркүйекте өтті. Оған 30 мыңға жуық тұрғын қатысқан. Барлық процессті қоғамдық комиссия бақылады. Жеңімпаз атанған Надежда Мясоед №36 мектепте вахтер болып жұмыс істейді. Әйел адам өз сөзінде жеңімпаз болатынына сенбегенін, көлік жүргізе алмайтынын жеткізді.

«Шынымды айтсам, осыған дейін мұндай лотереяларда жеңімпаз болып көрмеппін. Қуанышымда шек жоқ! Су жаңа автокөлікті ұлыма бердім. Өзім Спутник V вакцинасының екі компонентін де алдым. Ешқандай жағымсыз әсерлер болмады», - дейді қала тұрғыны.



Соңғы жаңалықтар