+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Өскеменде вакцина алғандар арасында тұрмыстық техника ойнатылды

2021 жылғы 19 қазан 21:18
Бөлісіңіз:
Өскеменде вакцина алғандар арасында тұрмыстық техника ойнатылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында вакцина алғандар арасында тұрмыстық техника ойнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тимур Мұратов елорда тұрғындарына коронавирус вакцинасын салдыруға шақырды Әсел Қалықова: Алматыда коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет 56,5 пайызға жетті Қызылордада  3 713 жасөспірім «Pfizer» вакцинасын салдырды

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ұтыс ойыны COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның I компонентін 10 қыркүйек пен 1 қазан аралығында алған 18 жастан асқан Өскемен тұрғындары арасында өткізілді.

Жеңімпаздар әкімдіктің Instagram-дағы парақшасында тікелей эфирде анықталды. 6 адам iPhone және Samsung смартфонын, теледидар, тоңазытқыш, ноутбук және микротолқынды пеш ұтып алды.

«Ұтыс ойыны әділ әрі ашық өтті. Жүлделер үй шаруасындағы әйелдерге бұйырды. Олар жеңімпаз атанамын деп мүлде ойламағандығын айтты. Осындай ойындардың өткізіліп тұрғанын қолдаймыз. Бұл халықты екпе салдыруға тартудың тағы бір амалы. Өзім де вакцина алдым. Барша жерлестеріме вирусты жеңудің жалғыз жолы – вакцина екендігін тағы бір мәрте еске саламын», - деді қазылар алқасының мүшесі, Өскемен қаласының құрметті азаматы Серік Оразбайұлы.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT