Өскеменде вакцина алғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылмақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында смартфондар мен тұрмыстық техникалар ойнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, ұтыс ойыны COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның I компонентін қыркүйектің 10-25 аралығында алған 18 жастан асқан Өскемен тұрғындары арасында өткізіледі. Қатысушылар «iPhone» және «Samsung» смартфондарын, теледидар, тоңазытқыш, ноутбук немесе микротолқынды пеш ұтып ала алады.

«Ұтыс ойынына қатысу үшін vaccine-uk.kz сайтына кіріп, толық аты-жөніңізді, ұялы телефон нөміріңізді және вакцина алған жерді көрсетуіңіз керек. Талап бойынша қатысушы Өскемендегі емханалардың біріне тіркелген болуы шарт», - делінген ақпаратта.

Жеңімпаздар 26 қыркүйекте сағат 18.00-де Instagram-дағы@akimatoskemen парақшасында тікелей эфирде анықталмақ.


Соңғы жаңалықтар