+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Өскеменде үйін өртеп, өзі асылып қалмақ болған ер адам құтқарылды

2021 жылғы 30 маусым 16:00
Бөлісіңіз:
Өскеменде үйін өртеп, өзі асылып қалмақ болған ер адам құтқарылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында үйін өртеп, өзі асылып қалмақ болған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда өрт шыққан үйден ана мен бала құтқарылды Каспий жағалауында 10 күн жанған қамыс өрті сөндірілді Өскеменде жаяу жүргіншіні қағып кеткен көлік салдарынан трамвайлар тоқтады

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушыларға Башиков көшесіндегі жер үйдің өртеніп жатқандығы туралы хабар түскен.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенкенде қабырғаның ағаш конструкциялары мен жеке заттар жанып жатқан. Өрт сөндірушілер бірден іске кірісті. Жылан шарпыған аумақ 1,5 шаршы метрді құрады. Барлау барысында №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Жігер Слямов аулада асылып қалмақ болған 1985 жылғы үй иесін көріп қалды. Ол әріптестері Олжас Қапанов және Айбек Ақзаммен бірге ер адамды құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, ер адам өз үйін де өртеп жіберген. Қазіргі уақытта онымен мамандар жұмыс жүргізуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT