Өскеменде үй алмақ болған әйел алаяққа 3 млн теңге берген

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны ипотекаға үй алуға көмектесетіндігін айтып сендірген алаяққа 3 млн теңгеден астам ақша берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаланың 32 жастағы тұрғыны полицияға жүгінді. Өз сөзінде ол бейтаныс жігіттің «ипотекаға пәтер алуға көмектесемін» деп уәде беріп, алдап кеткенін жеткізген.

«Алаяқтың арбауына түскен әйел 3 207 500 теңгесінен айырылды. Ақшаны Өскемендегі қонақ үй кешендерінің бірінде өзі табыстаған. Алайда сол уақыттан бері ер адам хабар-ошарсыз кетті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол 25 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Еске салсақ, осыған дейін бірнеше қалада зергерлік бұйымдар ұрлаған екі азамат Семейде ұсталғанын хабарлаған едік. https://kaz.inform.kz/news/birneshe-kalada-zergerlik-buyymdar-urlagan-eki-azamat-semeyde-ustaldy_a3983193


Соңғы жаңалықтар