Өскеменде үскірік аязда тоңып қалған үкі құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен тұрғындары үскірік аязда тоңып қалған үкіні құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дворянин» жануарларды қорғау қоғамдық қорының мәліметінше, екі күн бұрын қала тұрғындары көшеден денесіне мұз қата бастаған үкіні тауып алған.

Олар құсты жылы боксқа жатқызып, жылытқан. Содан кейін қайтадан табиғатқа ұшырып жібермек болған.

Алайда құс ешқайда ұшып кетпеген.

Қоғамдық қор үкіні тапсыру үшін орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясына хабарласуды көздеп отыр.

«Қазір далада сарышұнақ аяз, мұндай кезде иесіз жануарлардың адам көмегінсіз аман қалуы өте қиын. Бұл суықтан қараусыз үй жануарлары ғана емес, жабайы табиғаттағы аң-құстар да зардап шегіп отыр» деп атап өтті «Дворянин» қоғамдық қорының өкілдері.


Соңғы жаңалықтар