2010 жылғы 11 маусым 21:06

Өскеменде ҰБТ нәтижесі өткен жылғыға қарағанда жоғары

АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскемен түлектерінің ҰБТ-дан жинаған орташа балы 86,4-ті құрайды, өткен жылғы көрсеткіш 74,8 болатын, деп хабарлады облыстық білім департаментінен.

«Алтын белгіге» үміткер 96 мектеп бітірушінің 58-і өз білімдерін дәлелдеді. Ал білімнің жоғары шекті деңгейін (50 балл) қаланың 95,5 пайыз түлектері жинап отыр. 101 балл және одан да жоғары жинағандар түлектердің 21,2 пайызын (2009 жылы бұл көрсеткіш 10,8 пайыз болатын) құрайды.

№3 мектеп-гимназияның түлегі ең жоғары орташа балл 112-іні алса, №44 мектеп-лицей мен «Бриг» жеке меншік мектебінің оқушылары сәйкесінше 111, 102 балл жинады.

Сондай-ақ... оқыңыз

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT