Өскеменде түтін тұмшалаған подъезден 20 адам эвакуацияланды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында қара түтін тұмшалаған подъезден 20 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 ақпанда Назарбаев көшесіндегі бесқабатты тұрғын үй подъезін қара түтін басқан. Белгілі болғандай, бірінші қабаттағы пәтерде ер адам пешке тамақ қойып, ұмытып кеткен. Түтін подъезге тарап кетті. Оқиға орнына келген құтқарушылар 20 тұрғынды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады.

«Өрт сөндірушілер түтін шыққан пәтерден 1961 жылғы үй иесін алып шықты. Күйген тамақ жеп уланып қалған азамат ауруханаға жеткізілген. Ол өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар