Өскеменде тұрмыстық қатты қалдықтар шығару тарифі көтеріледі

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында келесі айдан бастап қоқыс шығару тарифі қымбаттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін абаттандырылған жер үйде немесе пәтерде тұратын бір адам үшін қоқыс шығару тарифі – 211 теңге болды. Ал, абаттандырылмаған үй абоненті 270 теңге төлеп келген.

«Инфляцияға байланысты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаумен, сұрыптаумен, тасымалдаумен және кәдеге жаратумен айналысатын компаниялардың шығыны көбейді. Қала бойынша осындай екі кәсіпорын бар, атап айтқанда «Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС және «Өскемен-Тазалық» ЖШС», - дейді қалалық мәслихат хатшысы Александр Светаш.

Енді қоқыс шығару тарифі абаттандырылған үйге бір адамға – 431 теңге, ал абаттандырылмаған үйге – 410 теңге болады.


Соңғы жаңалықтар