Өскеменде түрме аумағына психотропты заттар лақтырмақ болған адам ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде колония аумағына психотроптық заттарды лақтырмақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 ақпанда сағат 21.40 шамасында Өскемендегі №17 түзету мекемесінің күзету аумағында қарауыл сақшысы өзін күдікті ұстаған белгісіз біреудің жүргенін байқап қалған.

«Ұлттық ұлан жауынгері дереу қарауыл бастығына хабар берді. Сол жерге жіберілген түзету мекемесінің патрульдік тобы ер адамды қолға түсірді. Тексеру барысында оның сотталушыларға скотчпен оралған психотропты заттарды лақтырмақ болғаны анықталды», - деді баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар