Өскеменде Тұңғыш Президент күніне орай сәулет құрылыстары макеттерінің көрмесі ашылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Өскеменде Астана және Өскемен қалаларының сәулет құрылыстары макеттерінің көрмесі ашылды.

Оның авторлары - Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ сәулет-құрылыс факультетінің студенттері, деп хабарлады қалалық ішкі саясат бөлімінен.

«Алты адамнан тұратын тобымыз екі апта бойы Қазақстан Республикасы Президентінің Сарайы макетін дайындаумен айналысты. Біз көп уақыт пен күш жұмсадық. Бірақ өз еңбегінің нәтижесін көрген кезде, жасалған жұмысына деген қанағаттанушылық шаршауыңды басады», - дейді макеттің авторларының бірі, құрылыс факультетінің студенті Анастасия Скрипка.

Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Бұлбұл Бәкінованың айтуынша, Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті қала мен елдің дамуына үлкен үлес қосып келеді.

«ШҚМТУ республиканың маңызды ЖОО-ның бірі ретінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған саясатпен тығыз байланысты. Бүгінгі көрме - соның дәлелі. Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, барлық қазақстандықтарға пайда әкеліп отырған еңбектеріңіз үшін алғыс білдіргім келеді», - деп арнады ол сөзін жұмыстардың авторларына.

Сондай-ақ ШҚМТУ-де бұл күні студенттерге президенттік шәкіртақы сертификаттарын табыстау рәсімі өтті.

Соңғы жаңалықтар