Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Өскеменде трамвайлардың тоқтап қалу қаупі туындап тұр

2017 жылғы 8 қараша 11:51 107
Бөлісіңіз:
Өскеменде трамвайлардың тоқтап қалу қаупі туындап тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында қалалық трамвай паркінің қарызы салдарынан шаһар ішіндегі трамвайлардың тоқтап қалу қаупі туындап тұр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Сексенова фейсбук парақшасында мәлімет таратты. Жазбадағы хабарламаға сәйкес, жеке меншіктегі қалалық трамвай паркі электрмен қамтитын кәсіпорыннан ірі сомада қарыз алған. Қарыз уақтылы жабылмаса, 22 қарашада энергетикалық кәсіпорын трамвайларды тоқтан ажыратпақ.

«Шыгысэнерготрейд» ЖШС трамвай паркі мен Өскемен қалалық әкімдігіне ресми түрде көліктік кәсіпорынның 62 миллион теңге қарыз екенін хабарлады. Егер бұл сома 22 қарашаға дейін өтелмесе, энергетиктер 22 қарашада паркті электрмен қамтуды шектемек», - делінген хабарламада.

Ал қалалық әкімдік бұл тұрғыда мәселені шешу жолын да қарастырып жатқан көрінеді.

«Өз кезегінде Өскемен қаласының әкімдігі қала тұрғындарының қажетті бағдарлар бойынша қозғалуы үшін қосымша нұсқаларды қарастырып жатыр», - деп хабарлайды Әсем Сексенова.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT