Өскеменде трамвай рельстері 2023 жылы толықтай жөнделіп бітеді

Фото:
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында трамвай жолдары келесі жылы толықтай жөнделіп бітеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өскемен» көлік компаниясы» ЖШС мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта қаладағы трамвай жолдарын жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Мәселен, Мызы көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аралықтағы трамвай жолын реконструкциялау жұмыстары бірнеше айдан бері жалғасуда. Соның барысында көшенің бір жағындағы асфальт жабыны да ауыстырылды. Енді бір айдың ішінде қарсы бағыттағы асфальттың да соңғы қабаты төселеді.

«Аталған жоба екі жылға есептелген болатын. Жалпы қаладағы трамвай жолдары 2023 жылы толықтай жөнделіп бітеді деп жоспарланып отыр», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар