Өскеменде трамвай қозғалысы тоқтады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында трамвай қозғалысы тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 09.00 шамасында Шәкәрім мен Абай даңғылдарының қиылысында трамвай қозғалысы тоқтады. Сол жерде бірнеше қоғамдық көлік жиналып қалған.

«Бұған техникалық ақау себеп болды. Оқиға орнына келген мамандар бірден жөндеу жұмыстарына кірісті. Қазіргі уақытта трамвайлар қозғалысы қайта жандана бастады», - дейді «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС басшысы Михаил Чайка.

Айта кетейік, биыл қалаға жаңа трамвайлар сатып алынбақ. Жаңа қоғамдық көліктер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да ыңғайлы болады. Сондай-ақ олар қыста салондағы жылуды күшейтетін климаттық бақылау қондырғыларымен жабдықталады.


Сурет: yk-news.kz


Соңғы жаңалықтар