Өскеменде трамвай қаққан 62 жастағы тұрғын көз жұмды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында трамвай қаққан ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 30 желтоқсан күні сағат 15:30 шамасында Абай даңғылы бойындағы «Старт» сауда үйінің маңында болған.

«Соңғы мәлімет бойынша қала тұрғыны рұқсат етілмеген жерде жолдан өтіп бара жатқан. Сол кезде оны трамвай қағып кетті. Ауыр дене жарақаттарын алған ер адам сол жерде мерт болған», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Анықталғандай, марқұм Өскемен қаласының 62 жастағы тұрғыны болып шықты.


Соңғы жаңалықтар