+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Өскеменде той тойлап жатқандар тексеру келгенде терезеден секіріп қашты

2020 жылғы 22 қыркүйек 14:45
Бөлісіңіз:
Өскеменде той тойлап жатқандар тексеру келгенде терезеден секіріп қашты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы мейрамханалардың бірінде карантин шектеуіне қарамастан той жасағандар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысының кәсіпкерлері той өткізуге рұқсат сұрап отыр БҚО-да ауыл әкімі карантинге қарамастан ұлының үйлену тойын өткізген Әнші Қуандық Рахымның қайынжұрты да айыппұл төлейтін болды

ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, рейд жүргізген мобильді топ «Көкжал» мейрамханасына барған.

Алайда департамент өкілдері, әкімдік қызметкерлері мен тәртіп сақшылары ішке кіре алмай қойды.


6 сағат бойы іштен құлыптанып тұрған мейрамханадан сыртқа ешкім шыққан жоқ. Тек қонақтардың бірінің денсаулығы нашарлап кетіп, оқиға орнына жедел жәрдем келіп жеткенде ғана есік ашылды. Қонақтардың кейбіреуі терезеден секіріп қашқан.

«20 қыркүйек күні «Көкжал» мейрамханасында той жасағандар тіркелді. Бұл Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысын бұзу. Департамент барлық фото және бейнематериалдарды зерттеп, тиісті шараларды қабылдайды», - дейді ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Құралай Дүзгімбаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT