Өскеменде терең шұңқырға құлаған әйел құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында 2 жарым метрлік шұңқырға құлап кеткен әйел құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін құтқарушылар шұңқырға құлаған әйелге көмекке келді.

- Молдыбаев көшесінде келе жатқан 46 жастағы әйел адам 2,5 метр тереңдіктегі шұңқырға құлап кетіп, өз бетімен шыға алмай қалған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен мамандандырылған жасақ құтқарушылары әйелді шұңқырдан шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Оның денсаулығына зақым келмеген, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары қандай да бір қиын жағдайға тап болғанда 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар