Өскеменде теміржол тетіктерін ұрлағандарға үкім шықты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының соты теміржол бойынан бекіткіш тетіктер ұрлаған 22 жастағы жігіттерге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдіктілер бір емес, 458 бекіткіш тетікті қолды еткен. Согра кентіндегі жалдамалы баспаналарына қайтып келе жатқан бойда жігіттердің ойына металл қабылдайтын орынға теміржол тектіктерін өткізу идеясы келеді. Екі жігіт те бұрын сотталмаған, жұмыссыз әрі бойдақ екені анықталып отыр.

Олар 10 қап, екі полиэтилен дорбаны толтыру үшін екі күн бойы балғамен тынымсыз «еңбек еткен». Теміржол компаниясы бекіткіштердің ұрланғанын жол диспетчерінен білген. Жас жігіттер қылмысы әшкере болған соң, ешқандай сотсыз мәмілеге келуге ұмтылған. Бірақ іс сотқа жетіп, үкім шықты.

Сот жігіттердің бұрын сотталмағанын, қылмыстарын мойындағанын ескеріп, 2 және 1,5 жылға шартты түрде бас бостандықтарынан айырды. Олар осы аралықта 240 сағаттық еңбекпен түзету шараларына тартылатын болды.

Соңғы жаңалықтар