Өскеменде Тәуелсіздік күні тойлануда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде Тәуелсіздік күнін атап өту әртістердің өлең айтып, би билеп, өнер көрсеткен концертінен бастау алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Мерекелік концерт халықтық серуенге ұласты. Түрлі алаңдарда тұрғындардың ұнатқан ісімен айналысуына, яғни армрестлинг, гір немесе арқан тарту спорттық ойындарын ойнауларына мүмкіндік туды. Түс ауа ауылшаруашылық тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуға болатын мерекелік сауда-саттық басталды. Қолөнершілер өз жұмыстарын ұсынды.

Облыс орталығындағы халықтық серуен күні бойы өтеді және кешке жастарға арналған концерттік бағдарлама қойылады. Қала тұрғындары мен қонақтарына белгілі топ «RinGo» өнер көрсетеді деп күтілуде». 

 

Соңғы жаңалықтар