Өскеменде тәртіп сақшысы өрт шыққан пәтерден әйелді құтқарып қалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің сақшысы қызыл жалын шарпыған үйден әйел адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

29 сәуір күні түнгі сағат 23.00 шамасында Өскемен қалалық жедел басқару орталығынан Амурская көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерде өрт шыққаны жайлы жедел ақпарат түскен.

«Тілсіз жау шарпыған үйде маңында патрульде жүрген 5518 әскери бөлімінің тәртіп сақшысы Азамат Сеитов дереу аталған мекен-жайға келіп жетті. Бұл кезде пәтер ішіндегі әйел тіпті өрт шыққанын сезбестен шырт ұйқыда жатқан. Капитан Азамат Сеитов оны ұйқысынан оята салысымен, далаға алып шықты. Сондай-ақ құтқарушылар келгенше​ өздігінен өртті ауыздықтап үлгерген», - дейді ҚР ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Анықталғандай, өрт қосулы күйде қалған электр плиткасының кесірінен шыққан.


Соңғы жаңалықтар