+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Өскеменде тағы да трамвай өртенді

2020 жылғы 6 наурыз 14:47
Бөлісіңіз:
Өскеменде тағы да трамвай өртенді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында трамвайдан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда қойма өртеніп жатыр Қостанайда жеке үйдегі өрт кезінде 7 жастағы қыз бала көз жұмды Атырау облысында жеке сектордағы өрт оқиғалары екі есе көбейген

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін Қазақстан көшесінде келе жатқан қоғамдық көлікті қызыл жалын шарпыған. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 11.34-те толықтай ауыздықтады.

«Өрт вагон астындағы арбашаның резеңке бөлігінен шыққан. Қазіргі уақытта жалынның жалпы аумағы анықталуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, 25 ақпан күні Өскеменде Қазақстан көшесінде келе жатқан қоғамдық көліктің моторы ылғалданып, соның салдарынан өрт шыққан болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT