Өскеменде тағы да мектептерде ешқандай бомба жоқ болып шықты

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында тағы да мектептерде ешқандай бомба жоқ болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15 ақпанда полицияға Өскемендегі бірнеше мектепте жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар келіп түсті.

«Сигналды алғаннан кейін мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орындарына келді. Мектептерді тексеру нәтижелері бойынша қандай да бір қауіпті заттар табылған жоқ. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта бомба туралы жалған хабарлаған адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Бұл соңғы 10 күнде қаладағы мектептерге бомба қойылғаны туралы алтыншы хабар. Алайда әлі күнге дейін күдіктілер анықталмай келеді.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде бірқатар мектепте оқушылар үшінші күн қатарынан сабақ оқи алмай отырғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар