Өскеменде тағы да мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түсіп, оқушылар мен мұғалімдер эвакуациялануда
2023 жылғы 9 ақпан, 17:34

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында тағы да мектепке бомба қойылғаны хабар түсіп, оқушылар мен мұғалімдер эвакуациялануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 9 ақпанда сағат 16:10-да полицияға Өскемендегі мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті.
«Сигналды алғаннан кейін мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орнына келді. Қазіргі уақытта оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланып, ғимарат ішіне тексеру жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.
Осы ретте, полицейлер халықты сабырлық сақтауға және енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады.
Еске салсақ, 6 ақпанда Өскеменде сотқа және мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түскені хабарланған.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP