Өскеменде тағдыр тәлкегіне ұшыраған әйелге пәтер берілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Былтырғы жылы Даун синдромына шалдыққан ұлы із-түссіз жоғалып кеткен жарымжан Зәмзәгүл Құсайыноваға облыс орталығының әкімдігі пәтер берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өскемен қаласы тұрғындарының көбі оның ауыр тағдырынан хабардар. Көзі көрмейтін Зәмзәгүл тастап кеткен ескі үйде студент қызы және мүгедек ұлымен бірге тұрды. Былтырғы жылдың маусым айында ұлы із-түссіз жоғалып, әлі күнге дейін оның тағдыры беймәлім күйде қалып отыр. Зәмзәгүл инсульт алып, жүрегіне ота да жасалды. Таяуда ғана ол тұрмыс жағдайын жеңілдетуге көмек сұрап, қала әкімі Қуат Тұмабаевтың қабылдауына келді.

«Бірнеше сағат бұрын Зәмзәгүл Құсайынова әкімдік есебінен жөндеу жұмыстары жүргізілген пәтерге көшірілді. Енді ол тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттен бөлінетін пәтерін алғанша қызымен осы пәтерде тұрады. Пәтердің терезелері сырланып, жаңа линолеум төселіп, тұсқағаздар жабыстырылды. Үй жиһаздары мен тұрмыстық техникалар сатылып алынды», - деді әкімдіктің баспасөз қызметі. Жайлы үйге көшірілген әйел  қуаныштан жылап жіберді. Оның айтуынша, ендігі арманы ұлын тауып, жаңа пәтерге алып келу. 

Соңғы жаңалықтар