Өскеменде су желісінде апат болып, көшелердің бірін су басты

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында су желісінде апат болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, қаладағы суық сумен жабдықтау желісінде апат болып, Мызы көшесін су басты.

Соның салдарынан көшеде көлік кептелісі болды.

«29 қарашада таңғы сағат 4:00-ден 5:00-ге дейін сорғы станциясында қысқа мерзімді электр қуатының үзілуі салдарынан автомат жүйесі істен шыққан. Қазіргі уақытта барлық жүйенің жұмысы қалпына келтірілді. Су басқан жолды арнайы техникамен тазарту бойынша шаралар қабылданып жатыр», - деп хабарлады «Өскемен су арнасы» компаниясынан.

Еске салсақ, осыған дейін Өскемендегі жылу электр орталығынан ақау шыққанын хабарлаған едік.


Видеодан алынған кадр

Соңғы жаңалықтар