Өскеменде су тасқыны қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізілді
2020 жылғы 17 наурыз 14:56

Өскеменде су тасқыны қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары Марат Күлдіков Өскемен қаласына іс-сапармен келіп, су тасқыны қаупі бар учаскелерді аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шара барысында Солнечный кентіндегі су жинағыш тоғанды, жағалауларды бекіту жұмыстары жүргізілген Маховка өзені мен Безымянный ключ арығына мониторинг жүргізілді. Сондай-ақ Ахмер кенті мен 22-ші шағынауданда су тасқынына қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар тексерілді», - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Тексеру қорытындысы бойынша тасқын қаупі бар учаскелердегі қосымша жұмыстар легі белгіленді. Құтқарушылар су басуы мүмкін тұрғын үйлерді аралауды жалғастыруда. Үй иелеріне тасқын кезіндегі іс-қимыл ережелері жіті түсіндірілуде.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 364 шақырым арналар мен арықтардың қардан тазартылғанын хабарлаған болатынбыз.

Jańalyqtar

MURAǴAT