Өскеменде street workout алаңқайы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Өскемен қаласында street workout алаңқайын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шарада Bar Bars командасы қала тұрғындарына арналған бүкілқалалық жаттығу ұйымдастырып, алаңқайда жүйелі түрде жаттығу арқылы қандай жетістікке жетуге болатынын көрсетті.

Street workout - спорттық көше мәдениетін дамытудағы ең танымал бағыттардың бірі, бүгінде Қазақстан ҰОК жобасының арқасында қолжетімді спорт түріне айналды. ҰОК президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасы мен жеке қаражаты есебінен 2016 жылдан бері еліміздің әр аймағында 50-ден аса мамандандырылған спорттық алаңқайлар ашылды. Атап айтар болсақ, Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе, Жаңаөзен және Көкшетау қалаларында жаңа алаңқайлар бой көтерді. Жобаның ең басты артықшылығы - алаңқайлардың тек облыс орталықтарында ғана емес, облыстан шалғай жатқан қалаларда да ашылуында.

«Қазақстан ҰОК олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға жауапты. Алайда, бұқаралық спорт бәрінің түп негізінде тұрғанын естен шығармау қажет. Мұндай спорттық алаңқайлардың ашылуы балалар мен жастардың дене шынықтыру мен спортқа ден қоюына себеп болады. Ашық аспан астындағы спорттық зоналар ел тұрғындары үшін тиімді екенін дәлелдеп үлгерді. Біз алаңқайлардың үлкен сұранысқа ие екенін, қаңырап бос қалмайтынын байқадық. Ол жерде үнемі әртүрлі деңгейдегі спорттық жарыстар өтіп тұрады. Қазіргі таңда Қазақстан ҰОК өкілдері ел аймақтарын аралауда. Осы орайда, біз аталған әлеуметтік жоба туралы басты жаңалықтарды біліп отырмыз. Бұл жобаны әрі қарай жалғастыра береміз. Алдағы уақытта шалғайда жатқан ауылдарда да алаңқайлар бой түзейді», - деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Данияр Абулгазин.

null

Өскемендегі саябақ аймақтарында құрылған төрт алаңқайдың ашылу салтанатына облыс басшылығы, Қазақстан ҰОК мен Қазақстан STREET WORKOUT федерациясының өкілдері қатысты. Семейде мамандандырылған алаңқайларды ашу туралы жоспар жақын арада іске асады. Семейдегі халық көп қоныстанған аумақта төрт алаңқай орналасқан.

Street workout мамандандырылған алаңқайлары ең пайдалы құрылғылармен жабдықталған. Алаңқайдағы құрылғылар жабдығы бұлшықеттердің барлық топтарын жұмылдырып, жаттығудың тиімділігін арттырады. Аталған алаңқайларды орнату арқылы тұрғындардың спортпен мүлде тегін айналысуына жол ашылды. Спорт алаңқайлары еліміздегі қатал ауа райына да бейімделген. Бұл алаңқайлардың басты ерекшелігі - үлкен ауыртпалықты көтере алатын мықты бекітулер. Ал резинадан жасалған жабдықтар жаттығу кезінде жарақат алу қаупін сейілтеді.

Street workout федерациясының айтуынша, бүгінде 80 мыңға жуық қазақстандық спорттың осы түрімен шұғылданады.

nullnull

Соңғы жаңалықтар