Өскеменде сотқа және мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түсіп, халық эвакуацияланды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында сотқа және мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түсіп, халық эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға қалалық сот ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар түсті.

«6 ақпан күні сағат 15:50 шамасында полицияға хабарласқан белгісіз біреу Қ.Қайсенов көшесі, 55 мекенжайындағы қалалық сот ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы айтты. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел қызметтер келіп жетті. Қауіпсіздік мақсатында ғимараттан адамдар эвакуацияланды. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ведомство дерегінше, осыдан 2 сағат бұрын қаладағы №11 мектепке бомба қойылғандығы туралы хабар түскен. Сол жерден қызметкерлер мен оқушылар қауіпсіз жерге көшірілді. Әлі де тексеру жұмыстары жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар