Валюта бағамдары:
    usd/kzt 462.04 eur/kzt 504.09

    rub/kzt 6.74 cny/kzt 68.12
Ауа райы:
Астана-10-12℃
  Jańalyqtar  >

Өскеменде сот ғимаратынан бомба табылмады

2022 жылғы 8 желтоқсан, 23:32

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полицияға сот ғимаратына бомба қойылғандығы туралы хабар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі Қасым Қайсенов көшесінде орналасқан сот ғимаратына бомба қойылғандығы туралы хабар жалған болып шықты.

«Хабар түсе сала мамандандырылған қызметтер мен полицейлер оқиға орнына шұғыл келіп жетті. Тексеру жұмыстары нәтижесінде, ғимарат ішінен қандай да бір қауіпті заттар табылмады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жалған хабар берген адамға 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, бүгін сағат 18.05 шамасында полицияға Өскемен қаласындағы соттардың біріне бомба қойылғандығы туралы хабар түскен.

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары