Өскеменде сот ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабар түсті

2022 жылғы 8 желтоқсан, 19:47
Өскеменде сот ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабар түсті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полицияға сот ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 18.05 шамасында Өскемен қаласындағы соттардың біріне бомба қойылғандығы туралы хабар түскен.

«Полицияға белгісіз азамат Қасым Қайсенов көшесінде орналасқан №2 қалалық соттың ғимаратына бомба қойылғандығы туралы хабар берді. Қазіргі уақытта облыстың мамандандырылған қызметтері сол жерге барып, тексеру жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындардан егізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды және сабырлық сақтауды сұраймыз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar