ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Өскеменде соқтығысқан екі көлік трамвай қозғалысын тоқтатты

2021 жылғы 23 маусым, 13:22
Өскеменде соқтығысқан екі көлік трамвай қозғалысын тоқтатты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында соқтығысқан екі көлік трамвай қозғалысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 23 маусымда сағат 10:30 шамасында Шәкәрім даңғылы мен Чапаев көшесінің қиылысында болған.

«SUBARU автокөлігінің 72 жастағы жүргізушісі жанама жолдан басты жолға шыққан кезде Шәкәрім даңғылы бойымен келе жатқан LEXUS автокөлігіне жол бермеген. Жол апатының салдарынан дене жарақатын алған SUBARU жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижелеріне сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ жол-көлік оқиғасының салдарынан трамвай қозғалысы тоқтаған.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar