Өскеменде соғысқа қатысқан қаламгерлер туындыларының көрмесі ашылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан шығысқазақстандық қаламгерлер туындыларының көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «1941-1945 жылдары соғысқа қатысқан шығысқазақстандық жазушылар» атты еске алу кеші өтті.

Алтай өлкесінде сөз өнерін ғұмырлық кәсібіне айналдырған журналистер, жазушылар мен ақындар шоғыры аз емес.

Солардың қатарында сұрапыл соғыста оқ пен оттың арасынан аман оралып, халқы үшін ерен еңбек еткен майдангер қаламгерлердің орны бөлек.

«Жауынгер жазушыларымыз қолдарына қару алып қана қоймай, қалам күшіне де сүйенген. Әдеби кеш сарбаз шинелін сыпырып тастап, көркемсөздің шеберіне айналған Қ.Қайсенов, Ә.Нұршайықов, Ә.Шәріпов, М.Мусин, А.Егоров, М.Чистяков, Е.Әукебаев, С.Машақов, К.Оразалин сияқты суреткерліктің айрықша үлгісін көрсеткен ағалардың рухына арналды. Еске алу кешінде жерлес майдангер қаламгерлер туралы мағлұматтар беріліп, олардың шығармашылығынан үзінділер оқылды», - делінген кітапхана қызметкерлері таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ кітапханада «Ерлік даңқы - мәңгілік!» атты әдеби көрме-экспозициясы ашылды.

Көрмеге шығысқазақстандық қаламгерлер туындылары мен сол кезең туралы баяндайтын кітаптар, мерзімді басылымдар қойылған.


Соңғы жаңалықтар