Өскеменде синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде полицейлер «Жылдамдық» деп аталатын синтетикалық есірткілердің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

26 желтоқсан күні «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында Ертіс полиция бөлімінің учаскелік инспекторы 23 жастағы тұрғынды ұстаған. Тінту кезінде одан ақ ұнтақ түріндегі заты бар 47 түйіншек табылған.

Сараптама тәркіленген жалпы салмағы 21,93 грамм болатын «Альфа PVP» психотропты зат екенін көрсетті. Альфа PVP – «Альфа-пиролидиновалеронфенон» және «JVH» есірткі тұтынушылар арасында жылдамдық пен спайс ретінде танымал.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Авторы: Орал Ерланұлы



Соңғы жаңалықтар