Өскеменде шаурма сататын дүңгіршек жанып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өскеменде шаурма сататын дүңгіршек жанып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар дүңгіршектегі 12 шаршы метр аумағын өрт шалғанын хабарлады.

Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

ШҚО ТЖД кәсіп иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына тиісті назар аударуды, автоматты өрт сөндіру дабылы мен алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы керектігін және жеке құрамға өрт кезіндегі жүріс-тұрыс ережелері туралы үнемі нұсқау беруді ұсынады.


Соңғы жаңалықтар