Өскеменде Шәкәрім Құдайбердіұлының бюсті ашылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының бюсті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл Өскеменге қойылған Шәкәрімнің алғашқы кеудемүсіні. Бюст шаһардағы Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №1 мектеп алдына орнатылды.

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде қазақтың біртуар перзенті, өмірі мен шығармашылығына Алты Алашты арқау еткен, ұлтын шексіз сүйіп өткен Шәкәрім бабамыздың ескерткішін аштық. Ұлы даланың дарын иесі ұрпақ есінен ешқашан сөнбек емес. Осы тұста Шәкәрімдай қазақтың дара ұлына ескерткіш орнатуға өз үлесін қосып, барынша қолдау көрсетіп, барлық жұмысты жұмыла атқарған азаматтарға алғысымды білдіремін! Ұлттың ұйысуы әрқайсымызға, әрбіріміздің ниетіміз бен талап-тілегімізге тікелей байланысты екенін ұмытпайық!, - деді мектеп директоры Әділ Сайлаубек.

Айта кетейік, бюсттің ашылу салтанатында санитарлық эпидемиялогиялық талаптар қатаң сақталған.

Еске сала кетсек, былтыр Шығыс Қазақстан облысында Абайдың Жидебайдағы музей-үйінің кіреберісіне Абай мен Шәкәрім бейнеленген стелла орнатылды.



Соңғы жаңалықтар