Өскеменде «Сергек» камералары 700-ден астам заңбұзушылықты анықтаған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жыл басынан бері «Сергек» камералары 700-ден астам заңбұзушылықты анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне өткен жиын барысында облыс әкімі аппаратының басшысы Марина Гагарина айтты.

«Облыс орталығында 1700 камера бар. Олар жол қиылыстары мен жекелеген аумақтарда, сауда орталықтары мен адам көп шоғырланатын орындарда орнатылған. 2020 жылы «Сергек» бейнебақылау камераларының көмегімен 714 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Сонымен қатар 2 қылмыстық іс ашылған», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар