Өскеменде сауда үйіне бомба қойылғандығы туралы жалған хабар берген ер адам сотталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында сауда үйіне бомба қойылғандығы туралы жалған хабар берген ер адамның бас бостандығы 3 жылға шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған жігіт қаланың сауда үйлерінің бірінде бомба қойылғандығын хабарлаған. Оқиға орнына дереу арнайы мамандар келіп жетті. Алайда тексеруден кейін ақпараттың жалған екендігі анықталды.

«Тәртіп сақшылары күдіктінің ізін суытпай ұстады. Ол Өскемен қаласының 21 жастағы тұрғыны болып шықты. Куәландыру нәтижесіне сәйкес, оның орташа дәрежедегі мас күйде екендігі белгілі болды», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, іс сотқа жолданған. Қалалық соттың үкімімен айыпталушы 3 жылға бас бостандығынан шектелді.


Соңғы жаңалықтар