Өскеменде салынып жатқан Теннис орталығы желтоқсанда ашылмақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында салынып жатқан Теннис орталығы желтоқсан айында ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Жібек маталар комбинаты ықшамауданында бой көтеретін Теннис орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты.

«Төрт қабатты ғимаратта 58 ойын үстелі болады. Залдардағы төбелердің биіктігі сегіз метрді құрайды, бұл әлемдік стандарттарға толық сай. Ғимаратта тек балалар мен ересектер ғана емес, осы спорт түріне құмар ерекше қажеттіліктері бар адамдар да айналыса алады. Мұнда жалпы саны 262 көрермен сыяды», - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, орталықта медициналық диспансер жұмыс істейді. Онда кәсіби спортшылар жарыстардан алған жарақаттардан кейін қалыпқа келе алады.

«Бүгінде негізгі жоспарымыз – күн суымай тұрып шатырды жауып, қабырға панельдері мен терезелерді орнатып, ғимарат ішіндегі әрлеу жұмыстарына көшу. Құрылыс жұмыстары желтоқсан айында аяқталып, жаңа Теннис орталығы шығысқазақстандықтарға есігін айқара ашады», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар