Өскеменде салынатын Гематология орталығы халықаралық стандарттарға сай болады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында салынып жатқан Гематология орталығы халықаралық стандарттарға сай болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттарға аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берген ШҚО әкімі Даниал Ахметов айтты.

«Бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі – өңірдегі эпидемиологиялық ахуал. Коронавирусқа қатысты жағдайды тұрақты бақылап отырғанымызбен, әлі де күрделі. Облыс қазір «қызыл» аймақта тұр. Жалпы өңір бойынша 39 инфекциялық стационар жұмыс істеуде. Біз тағы 8 100 төсек-орын әзірлеуге дайынбыз», - деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, халыққа жоспарлы түрде тиімділігі жоғары медициналық қызмет көрсету үшін бірқатар маңызды жұмыстар атқарылуда.

«Семейде балаларды оңалту орталығының құрылысы басталды. Өскеменде гематологиялық орталық салынып жатыр. Халықаралық стандарттарға сай болатын орталықта мамандар қан ауруларын емдеп қана қоймай, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар