+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

Өскеменде Сәбилер үйінің директоры ауру балаларға деп өз есепшотына ақша жинаған

2020 жылғы 19 қараша 22:18
Бөлісіңіз:
Өскеменде Сәбилер үйінің директоры ауру балаларға деп өз есепшотына ақша жинаған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде Сәбилер үйінің директоры жеке есепшотына елден ақша жинаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте карантин кезінде мұғалімдерден жүйелі түрде пара алған директор 8 жылға сотталды Алматыда инфекциялық аурухана қаражатын жымқыруға қатысты тергеу басталды Халықтың пара беруге қатысты пікірі әртүрлі - Ольга Шиян

Өскемендегі Сәбилер үйінің бұрынғы директоры Құралай Исенованың басы дауға қалды. Бұл оқиға ол осы қызметке тағайындалған соң арада үш ай өткенде басталған. Ол қоймадан мерзімі өтіп кеткен жаялықтарды көрген, алайда ешқандай шара қолданбаған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Владимир Лидің сөзіне сенсек, мерзімі өткен бұл тауар жойылуға тиіс болатын.

Қазір Сәбилер үйінде осыған байланысты мұқият тексеру жүріп жатыр. Аталмыш тексерудің барысында Құралай Исеноваға қатысты бірқатар жайттың басы ашылды.

«Құралай Исенова жекеменшік қорды басқарған, онысы құжатпен расталып отыр. Қайырымдылық ұйымының құрылтайшы құжаттарымен қатар, Facebook парақшасы да бар. Жай ғана ішінара тексерудің өзінде ауру балаларға және Сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне арнап қаржы аударатын есепшот Құралай Исенованың өз атына рәсімделген болып шықты. Алайда Сәбилер үйінің өз ресми есепшоты бар ғой. Сондай-ақ, Құралай Исенова іссапарға кеттім деп есеп берген, бірақ оның іссапарға барғанын растайтын құжаттар жоқ. Демек, мұнда еңбек заңнамасы өрескел бұзылып тұр» делінген басқарма таратқан хабарламада.

Мекеменің мәліметінше, қазір кішкентай баламен жұмыс істейтін адамдардың бір жаққа баруға моральдық құқығы жоқ, өйткені бұл өте қауіпті - олар коронавирус жұқтырып әкеліп, оны бүлдіршіндерге таратуы мүмкін.

«Құралай Исеновамен жасалған келісімшарт бұзылды. Ол сынақ мерзімінен өте алмады. Соңғы мәлімет бойынша, оның тағы бір себебі - қайырымдылық қаражатының мақсатсыз жұмсалуы. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу жүріп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы мекеменің ішкі жағдайын тұрақтандыру үшін тиісті шараның бәрін қабылдайды», - дейді Владимир Ли.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT