Өскеменде рейстегі автобустар саны артты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында карантин шектеулері жеңілдетілгеннен кейін рейстегі автобустар саны арттырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«19 тамыз күні шаһар бойынша рейстегі қоғамдық көліктердің саны 220-ға жетті. Ал карантин шектеулері кезінде 200 автобус қатынаған болатын. Бүгінде автобустар бекітілген рейстер бойынша сағат 20.30-21.00-ге дейін жолаушыларды тасымалдауда. Алдағы уақытта қоғамдық көліктердің саны біртіндеп арттырылатын болады», - делінген мәліметте.

Айта кетейік, 2020 жылдың қазан айына дейін Өскемендегі қоғамдық көліктерде диспетчерлік ақпараттық модульдің көмегімен жолақы төлеуді автоматтандыру жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар