Өскеменде рейске жаңа автобустар шығады

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында рейске жаңа автобустар шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Семей қаласындағы «СемАЗ» зауытына барып, алдағы уақытта Өскемен көшелерінде қатынайтын жаңа автобустармен танысты.

Бұл қоғамдық көліктер мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы етіп жасалған. Жуық арада біз Қазақстан даму банкімен барлық жұмысты аяқтаған соң автобустар Өскемен қаласына жеткізіледі. Жаңа қоғамдық көліктерді шығаруға 3,5 млрд теңге жұмсалды, – деді ШҚО әкімі.

Айта кетейік, жыл басында Өскеменге 80-нен астам автобус сатып алынатындығы айтылған еді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы медициналық мекемелер 60 жаңа жедел жәрдем көлігімен толыққандығы хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар