Өскеменде психотроптық заттарды саудалаушы ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полиция қызметкерлері жүйкеге әсер ететін заттарды саудалаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары мобильді қосымша арқылы психотроптық заттарды саудалаған 35 жастағы күдіктіні шаһардағы қонақүйлердің бірінің маңайынан қолға түсірді.

«Тінту кезінде Глубокое ауданының тұрғынынан полимерлі түйіншек табылды. Сараптама қорытындысы бойынша бұл психотроптық зат болып шықты. Осылайша, полиция қызметкерлері 40-тан астам дозаның таратылуына тосқауыл қойды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар