Өскеменде психотроптық зат тасымалдаған Байқоңыр тұрғыны ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында психотроптық зат тасымалымен айналысқан Байқоңыр тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Қарасора» және «Рефлекс» жедел алдын алу шараларын өткізу барысында Өскемен қаласы Меновное кентінде есірткі тасымалдаған ер адамды қолға түсірді.

Тергеу барысында анықталғандай, 24 жастағы ер адам жеңіл пайда табу мақсатында өңір аумағына Байқоңыр қаласынан келген. Жалдамалы пәтерде тұрған ол клиенттерге есірткіні интернет арқылы саудалап, алдын ала келісілген жерге тастап кетіп отырған. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, тәркіленген зат «жылдамдық» деп аталатын психотроптық есірткі болып шықты.

«Күдіктіден барлығы 316 полимерлі пакет алынды. Есірткінің жалпы салмағы 136 грамнан асады. Қазіргі


Соңғы жаңалықтар