Өскеменде полицейлер отырған көлік жол апатына себепкер болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласындағы Базовая көшесінде адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша,«Toyota Carina» көлігінің жүргізушісі өзге көліктен басып озбақ болып, жол қауіпсіздігіне көз жеткізбей, қарсы бетте келе жатқан «Lexus»-пен және өзімен бір жолақта қозғалған «Nissan»-мен соқтығысқан.

Апат салдарынан үш азамат - «Lexus» жүргізушісі, сондай-ақ «Toyota» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. «Toyota»-да болған 38 жастағы жолаушы (Өскемен полиция басқармасының қызметкері) алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

«Жол апаты фактісімен ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігімен қарастырылған құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық іс бойынша барлық тиісті тергеу амалдары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды», - деп нақтылады полициядан.

Айта кетейік, жол апаты кезінде «Toyota» көлігінде қалалық полиция басқармасының үш қызметкері - көліктің иесі және екі жолаушы отырғаны анықталды.  Олардың барлығы қызметтен тыс уақытта болған.

 

Соңғы жаңалықтар