Өскеменде полицейлер КамАЗ-дың мас жүргізушісін қуып жүріп ұстады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО полицейлері КамАЗ-дың мас жүргізушісін қуып жүріп қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Автокөлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына жауап бермеген. Ол аз болғандай, жүргізуші артынан қуған патруль машинасын қағып, қиратып кетпек болды. Ақыр соңында тәртіп сақшылары жүк машинасын тоқтатып, көлікті тастай қашқан жүргізушіні ұстады.

Бөлімшеде полиция қызметкерлері 20 жастағы жігіттің мас болғанын анықтады. Салонда олармен бірге екі жолаушы болған. Біреуі –құрдасы, екіншісі – 16 жастағы қыз. Қызын түнде жалғыз жіберіп қойғаны үшін тәртіп сақшылары ата-анасының атына әкімшілік хаттама жасады. Ал жүргізушіге қатысты билік өкіліне бағынбағаны үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар