Өскеменде полицейлер денсаулығы сыр берген 7 жасар қызға көмекке келді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полиция қызметкерлері денсаулығы сыр берген 7 жасар қызды шұғыл түрде ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қызының денсаулық жағдайы нашарлап кеткенін көрген ата-ана бірден «103» қызметінің диспетчеріне хабарласқан. Алайда олар жедел жәрдемнің кешігетінін, сондықтан такси шақыртып баланы өз беттерімен алып келулерін өтінді. 7 жасар қыздың әкесі такси мен бірге полиция қызметкерлерін қоса шақырды.

«Ауруханаға тезірек жету үшін «102» арнасына хабарластым. Сәлден соң полиция қызметкерлері қоңырау шалып, орналасқан жерімізді нақтылады. Бір минут өтпей жатып біз «31» нөмірлі патрульдік көлікке отырдық. Тәртіп сақшылары Ана мен бала орталығына өте тез жеткізіп тастады. Сол үшін оларға көп рахмет!», - деді ризашылығын білдірген азамат.

Сол кеште №31 бортта Полиция басқармасының патрульдік полиция капитаны Дәурен Жанұзақов пен полиция аға лейтенанты Ерасыл Медешов болған.


Соңғы жаңалықтар